Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылодада медицина саласының қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді атсалысты

Қызылодада медицина саласының қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді атсалысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауымен жалғасын тапты. Бұл экологиялық науқанның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Осыған орай, бүгін Сыр медицинасының 80-ге жуық қызметкері облыстық медициналық орталығының алдындағы ағаштардың діңгегін әктеп, орталықтың аймағын түрлі күл-қоқыстардан тазартты. Бұдан бөлек, медицина саласының қызметкерлері аталған аумақта ағаш көшеттерін отырғызды.
Бұл акцияға Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г. Бержаппарова пен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Ж. Нұрымбетов белсене қатысып, ақ халатты абзал жандармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы аясында қала және аудан, елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, аллеялардың аумағы абаттандырылып, күл-қоқыстардан тазартылды.
26 сәуір 2024 ж. 467 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 228

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 127

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031