Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған күніңмен, Астана!

Туған күніңмен, Астана!

Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда – Астана қаласының 20 жылдығына орай аудан орталығындағы Р.Бағланова атындағы орталық мәдениет үйінде «Туған күніңмен, Астана!» тақырыбында салтанатты мерекелік шара өтті.
Салтанатты мерекелік шарада сөз сөйлеген аудан әкімі М.Ергешбаев Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласының тарихы мен бүгінгі жетістігіне тоқтала келе, тәуелсіздіктің перзенті - Ару қаламыз Астананың 20 жылдығы мерейтойымен шараға қатысушыларды құттықтады.
Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты кеште Мемлекеттік Ту сахна төріне әкелініп, Әнұран шырқалды.
Аудандық Орталық кітапхана ұжымы Астана қаласының
20 жылдығына тарту ретінде «Астана – ұлы дала Елордасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, келушілерді тәнті етті.
«Ақжелең» бишілер тобының композициялық биімен ашылған мереке Қазалы ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.

07 шілде 2018 ж. 2 328 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 179

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031