Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда есірткі қылмысының алғашқы digital-картасы іске қосылды

Қазақстанда есірткі қылмысының алғашқы digital-картасы іске қосылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Astana Hub қабырғасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен дарынды жастармен бірге әзірленген есірткі қылмысының алғашқы digital-картасы ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы Astana Hub және «Жастар рухы» жастар қанаты Amanat Tech хакатонын өткізіп, онда Назарабаев Зияткерлік мекетебінің оқушыларынан тұратын «Shalqyma» командасы нақты уақыттағы есірткі қылмысын бақылау картасының идеясын ұсынып, жүлделі орынға ие болды. Бұл идеяны ESBOL QORY қолдап, есірткі қылмысының сандық картасын әзірлеуге және іске қосуға көмектесті.

Esbol.kz сайтында Карта нақты уақыт режимінде жаңартылатын болады. Кез келген белсенді азамат есірткі қылмысының белгілерін жүктей алады.

Өз сөзінде ESBOL QORY төрағасы Мемлекет басшысының «Нашақорлық пен есірткі қылмысымен күрес жалпыұлттық сипат алу керек» деген қағидатына сай жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұл картаның іске қосылуы - барлық есірткі саудагерлерінің қорқынышы. Президент бұл дертпен күрес жалпыұлттық екенің босқа айтқан жоқ, әрбіріміз – белсенді азамат болсақ та, кәсіпкер болсақ та, атсалысу керекпіз. Енді әрбір азамат олардың орындарын белгілеп, у сатуға кедергі жасай алады, - деді ESBOL QORY-ның төрағасы Жандос Ақтаев.

Аталмыш картаны іске қосу азаматтық белсенділікті арттыруға және есірткі қылмысының таралуына қарсы күреске бағытталған. Пилоттық режимде карта Астана қаласында тестіленетін болады, ал сынақтан сәтті өткен соң, бүкіл ел көлемінде енгізіледі.
04 маусым 2024 ж. 233 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031