Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қауіпсіздігі үшін бірлескен жұмыстар атқарылуда

Бала қауіпсіздігі үшін бірлескен жұмыстар атқарылуда


Қазалы ауданында жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оларға қатысты кибербуллинг әрекеттері сынды өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесулер жалғасуда.

Бүгінгі кездесулер Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы №70, С.Сейфуллин атындағы №165, №266 және №276-шы білім ошақтарында өтті.

Кездесулер барысында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Айбергенов ауданда топтық төбелес, жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ алдағы жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігі басты назарда болу керектігін айтты.
Жиын барасында ата-аналар тарапынан да күн тәртібіндегі өзекті мәселелермен балалардың демалысын тиімді өткізу бағытында ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті жауап берілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

24 мамыр 2024 ж. 230 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031