Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тәрбиесі – баршаға ортақ

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ


Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың төрағалығымен Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Әйтеке би кентіндегі №170 орта мектепте өткен жиында Қазалы ауданының прокуроры Әбіш Дарын, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғани Құрманалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов және аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы мүшелері, М.Матаев атындағы №170 мектептің 8-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналар қатысты.
Көшпелі комиссия отырысын жүргізіп отырған Дәурен Оңғарбайұлы бүгінгі таңда мектеп оқушылары және жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық әрекеттері өте өзекті болып отырғанын тілге тиек етті.
Басқосуда Қазалы ауданының прокуроры Дарын Әбіш сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуда бірлесіп жұмыс атқарылу қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Құрманалиев, М.Матаев атындағы №170 мектептің директоры Нұрлан Имашев хабарлама жасап, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды қозғады.
Басқосуда психолог, Қазалы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Айгүл Тлеумбетова бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы айтып, түрлі кеңестер берді. Бұдан бөлек, басқосуда бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар жан-жақты талқыланды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 ақпан 2024 ж. 471 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 117

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 113

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 121

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 113

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031