Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі кент тұрғындарының өтінішіне сәйкес бірқатар нысандарды аралады

Аудан әкімі кент тұрғындарының өтінішіне сәйкес бірқатар нысандарды аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов азаматтармен өткен жеке қабылдау кезінде айтылған кент тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, аудан орталығындағы бірқатар көшелер мен нысандарды аралады.

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентіндегі Ә.Марғұлан, Ш.Ибрашов көшелерін аралап, көше тұрғындарымен кездесті. Аталған көшелердің тұрғындары аудан әкімімен өткен жеке қабылдауда, көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, ойын алаңын салу, түнгі жарықшамдармен қатамасыз ету, аяқ су арықтарын кеңейтіп, тазалау сынды мәселелерді көтерген болатын.

Көше тұрғындарымен тілдескен аудан басшысы Әйтеке би кентінің әкіміне алдымен аяқ су арықтарын тазалау, аяқ су арықтарынан су тасып көшені баспас үшін арнайы шаралар қабылдап, арықтарды кеңейту, жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен қаржының мүмкіндігіне қарай алдағы уақытта көшелерді асфальттау мен жарықшамдар орнатуға жұмыс жасауды тапсырды.

Азаматтарды жеке қабылдау кезінде аудандық «Тұран Қазалы» газеті мекемесі жанында тұратын тұрғындар сол маңдағы ойын алаңында балалар мезгілсіз уақытта тыныштықты бұзады, соған сәйкес ойын алаңын басқа жаққа көшіру жөнінде өтініштерін айтқан болатын. Бұған байланысты аудан басшысы кент әкіміне ойын алаңдарын түнгі жарықшамдармен қамтамасыз етіп, қоршауларын биіктетіп, кешкі сағат 22.00-ден кейін ойын алаңын жауып тастау жөнін де тапсырма берді.

Аудан басшысы Әйтеке би кентінін аралау барысында кент көшелерінің тазалық жұмыстарына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
07 желтоқсан 2025 ж. 115 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 114

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031