Қар, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қар, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.comБұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше аймағында 7 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескертулер таратты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көптеген өңірлерде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын және қар күтіліп отыр. Кей жерлерде желдің екпіні күшейеді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 07 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 07 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
07 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
07 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
07 желтоқсанда Ақмола облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
07 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде аздаған қар, күндіз қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
07 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
07 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
07 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
07 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
07 желтоқсанда Жетісу облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
07 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
07 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
07 желтоқсанда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
07 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.
07 желтоқсанда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
07 желтоқсанда Маңғыстау облысында батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
07 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі.












