Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда қазақстандықтар мұнайды заңсыз сатқаны үшін ұсталды

Грузияда қазақстандықтар мұнайды заңсыз сатқаны үшін ұсталды

Грузияда қазақстандықтар мұнайды заңсыз сатқаны үшін ұсталдыФото: Pexels.com
Грузия қаржы министрлігінің тергеу қызметі кедендік алымдар салынбайтын 10 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз сатты деген күдікпен «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ның үш жоғары лауазымды қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz bm.ge сайтына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Тергеу органының мәліметінше, күдіктілер 3 желтоқсанда қолға түскен. Тергеу дерегінше, Қазақстанның үш азаматы бір топ құрамында әрекет етіп, ірі көлемдегі шикі мұнайды кедендік рәсімдерден айналып өтіп сатқан. Олар құны 15 млн лариден асатын 10 мың тоннадан астам жоғары сапалы мұнайды заңсыз сатқан.
Айыпталушылар сатылған мұнайдың нақты көлемін жасыру үшін терминал қоймаларындағы өнімді ластанған және пайдалануға жарамсыз қалдықтармен алмастырып, кедендік бақылауда тұрған мұнай өнімдері сол күйі сақталғандай көрсеткен.
ТЕРГЕУ
Құқық қорғау органдары қылмыстық схемаға қатысы бар өзге де тұлғаларды, мемлекеттік бюджетке келген залал мөлшерін және контрабандалық мұнайды өткізудің қосымша арналары анықталып жатыр.
Қылмыстық іс Грузия Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2 және 6-бөліктері бойынша тергелуде. Бұл бап бойынша 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
07 желтоқсан 2025 ж. 188 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 136

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 150

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031