Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жыр тербеткен жүрегін" атты жыршы-термешілер байқауы өтті

"Жыр тербеткен жүрегін" атты жыршы-термешілер байқауы өтті

Бүгін Қазалы ауданында ұлтымыздың рухани қазынасы – жыр мен термені кеңінен насихаттаған жыршы-термеші, Ұлы Отан соғысының ардагері Әмитжан Бөріқұлақовтың туғанына 100 жыл толуына орай облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Жыр тербеткен жүрегін» атты байқауды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп ашып, ауданымыздың рухани-мәдени өмірінде ерекше есімін қалдырған өнер иесінің өмір жолын жұртшылыққа жеткізді. Сондай-ақ бүгінгі байқауда бақ сынайтын жыршы-термешілерге сәттілік тіледі.

-Әмитжан Бөріқұлақов – ауданымыздың рухани-мәдени өмірінде ерекше есімін қалдырған, Сыр бойының жыршы-термешілік мектебін жалғастырып ғана қоймай, өзінің дара үнімен, терең толғауымен жыршылық өнердің көкжиегін кеңейткен тарлан талант. Ағамыз Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде, майдан даласында ел мен жерді жаудан азат ету жолында күресіп, ерліктің үлкен үлгісін көрсете білді. Арда азамат майдан даласынан елге оралғаннан кейін еңбек демалысына дейін колхоз, совхоздарда түрлі қызмет атқарды. Еңбек жолында ауыл мектебінде ұстаздық қызметпен қатар, ұзақ жылдар бойы ауылдық кеңес депутаты, кеңшар партия комитетінің, аудандық кәсіподақ комитетінің мүшесі болып сайланып, өңір дамуына айрықша үлес қосты. Тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Өткенімізге көрсетілген құрмет, келешегіміздің жарқын болуына жол ашады. Өскелең ұрпақ тарихын танып, болашағын бағамдау үшін мұндай шаралар әр уақытта да қажет, - деді аудан әкімі.

Облыстық байқауда жыршы-термешілер бірінші кезең бойынша Әмитжан Бөріқұлақовқа арнап арнау айтса, екінші кезең бойынша Сыр шайырларының туындыларынан бір терме орындады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орын қармақшылық Әлішер Мырзағалиевқа, ал, жүлделі екінші орын қазалылық Асылзат Әбілханға бұйырса, байқаудың бірінші орыны Қызылорда қаласынан келген термеші Жақсан Жәнібекке табысталды. «Жыр тербеткен жүрегін» атты облыстық жыршы-термешілер байқауының бас жүлдесін жерлесіміз, жас термеші Айдос Тұрар иеленді. Байқауда жүлделі орын алған және қатысушы термешілердің барлығына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Облыстық жыршы-термешілер байқауына Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының дәстүрлі өнер секторының меңгерушісі, жыршы – термеші Майра Сәрсенбаева, «Қорқыт Ата» атындағы өнер мектебінің жыр – терме класының мұғалімі, жыршы – термеші Сандуғаш Бейсембаева және Ғани Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, жыршы – термеші Жанболат Өмірзақ қазылық етті.
07 желтоқсан 2025 ж. 145 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031