Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос ауылдық округте кезекті мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Қос ауылдық округте кезекті мобильді қоғамдық қабылдау өтті

«AMANAT» партиясының облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобының ауылдық жерлерге сапары жалғасуда. Осыған сәйкес бүгін мобильді топ өкілдері Құмжиек және Басықара ауылдық округтерінде болып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

Ең алдымен Құмжиек ауылдық округінің орталығы Қ.Пірімов ауылында өткен қабылдауда тұрғындар ауылдың инфрақұрылымына қатысты өтінштер айтты. Соның ішінде әлеуметтік нысандарды газдандыру, көшелерді асфальттау және жарықтандыру, электр желісі мен бағандарын ауыстыру мәселелері өзекті болып отыр.
Сондай-ақ, бірқатар тұрғындар жеке мәселелеріне сәйкес денсаулық сақтау, жұмыспен қамту тақырыптарында өтініштерін айтты. Заңгерлік көмек сұраған азаматтар да болды.

Басықара ауылында жалғасқан қабылдауда жергілікті тұрғындардан ауылды әрі қарай дамыту бағытында ұсыныстар келіп түсті. Ауыл азаматтары ең алдымен амбулаторияны қайта ашу мәселесі оң шешімін тапса деген өтініштерін білдірді. Жеке мәселелерінде жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау сияқты түрлі сұрақтар қойылды.
Аталған өтініштер партиялықтар тарапынан бақылауға алынып, тиісті жауаптар беріліп, заңдылық аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қабылдауға облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев,  облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Абдукаримов, аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Қайратбек Сәрсенбаев, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, сондай-ақ тиісті басқармалалардың бөлім басшылары, заңгерлер мен аудандық дербес бөлім басшылары мен сала өкілдері қатысты.

#AMANAT

17 мамыр 2024 ж. 262 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031