Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мобильді қоғамдық қабылдау тобы көшпелі кездесу өткізді

Облыстық мобильді қоғамдық қабылдау тобы көшпелі кездесу өткізді

«AMANAT» партиясының облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобының ауылдық жерлерге сапары жалғасуда. Партия мүшелері ауданға қарасты Ақтан батыр және Жанқожа батыр ауылдарына барды. Қос ауылда өткен қабылдауға 30-дан аса азамат келіп, партия мен мемлекеттік органдардың назарын өзекті мәселелерге аударды.

Мәселен, Ақтан батыр ауылында өткен қабылдауда жергілікті халық спорт кешенін салу, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша мал шаруашылығы саласына да қолдау көрсету, ауылішілік көшелерді жарықтандыру мен жолдарды жөндеу, қаңғыбас иттердің жайы, сондай-ақ жұмыспен қамту және интернеттің сапасыз болуы секілді мәселелер көтерілді.
Осы күні партиялықтар жанқожалық тұрғындардың да өтінішін тыңдады. Ауыл тұрғындары ауыл мектебіне спорттық жабдықтардың қажеттігін, қазіргі қоқыс полигонының орнын ауыстыру, мемлекеттік сатып алу жұмысын жетілдіру, ауылды абаттандыру мен су бекетіне арнайы күзет қою мәселелерін қозғады.
Аталған өтініштерге партиялықтар мен облыстық басқарма, аудандық бөлім қызметкерлері тарапынан тиісті жауаптар беріліп, жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарға заңдылық аясында түсіндірме жүргізілді.
Айта кетейік, мобильді топ өкілдері осыған дейін Қожабақы, Бозкөл, Бекарыстан би және Ақсуат ауылдарында қабылдау жүргізген болатын. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыс жоспарлы түрде ауданға қарасты өзге елді мекендерде жалғасын табатын болады.
#AMANAT
01 қараша 2023 ж. 172 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30