Тарихшы-шәкірт топ жарды

– Білім мен спортты қатар алып, мектептегі шараларға белсене араласып жүргеніңізді жиі байқаймыз. Бұл үшін сізді дүниеге әкеліп, лайықты тәлім-тәрбие берген ата-анаңызға айтар алғысым шексіз. Ауыл балаларының республикалық додасында білімін дәлелдеп, жүлдеге ие болуы кез келген шәкірттің қолынан келе бермейтіні даусыз. Оның үстіне дода биыл алғаш рет өткізіліп отыр.
Мұндай жетістік жетекші-ұстаздың да еңбегінің ақталғанын білдіреді. Оқу жылы аяқталар сәтте табысты қызметіңізге ризашылығымды білдіре отырып, ұстаз ретінде жеткен жетістігіңізбен құттықтаймын. Әлі де болса аудандағы білім деңгейін республикалық, әлемдік аренада дәлелдей алатын дарынды шәкірт, білікті бала тәрбиелеп шығарасыз деп сенемін, – деді Әділхан Оңдасынұлы.
Бұдан соң мамандық таңдау жайында әңгіме өрбіді. Сөз соңында мектеп-лицей басшысы Ерлан Әмірханұлы жеңімпаздарға игі тілегін арнап, көрсетілген ықылас үшін бөлім басшысына ризашылығын білдірді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат