Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әже өнегесі – ұрпаққа ұлағат

Әже өнегесі – ұрпаққа ұлағат

Еліміздің ертеңі мен болашағы балаларымыз үшін әжелер – таптырмас байлық, құнды ғибрат. Олардың аялы алақаны, мейірбан жүрегі, немереге деген ерекше махаббаты бала бойына күш-қуат, сенімділік береді. Жамандық атаулыдан қорғайтын, бейне бір ақылдың кеніші саналатын әжелердің қашан да ұрпақ тәрбиесінде ойып алардай орны бар десек артық айтқандық емес. Жуырда ұрпақтар сабақтастық идеясын ілгерілетіп, үш ұрпақты насихаттау мақсатында Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Әже – көңілдің ажары, немере өмірдің базары» атты аудандық әже мен немере арасында өнер фестивалі өтті.
Аналар күні қарсаңында өткен шарада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев сөз сөйлеп, фестивальдің маңыздылығына тоқталды.
– Бүгінгі фестиваль күндегі өтіп жатқан шаралардан өзгеше десем артық айтқаным емес. Өйткені бұл – мәнді де маңызды, тәрбиелік орны бар игі шара. Әженің тәлім-тәрбиесін кейінгі ұрпаққа үлгі етуді күн тәртібінен түсірмеуіміз керек. Бүгінгі шара әдемі, әсерлі өтеді деп бек сенемін, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деп қорытындылады сөзін Болат Әбенұлы .
Үш кезеңнен тұратын шараға 4 ауылдық округтен асыл әжелер мен немерелер қатысып, байқау шарттарына сәйкес өнер көрсетті. Тәлім мен тағылымға толы фестивальда қатысушылар тек ән мен жырдан ғана емес, өздерінің қол өнерлерімен де бірінен-бірі асып түсті.
Алғашқы кезеңде әжесі немересіне өсиет айтса, келесі кезеңде немерелер жаңылтпашты жаңылмай айтудан жарысты. Ал ақырғы кезеңде әже мен немере бірге дайындап келген өнерін ортаға салды. Фестиваль қорытындысы бойынша Ақтан батырлық Бекзат Жұбаназардың әжесі Ұлмекен Сансызбай «Ғибратты әже» бағамымен, абайлық Моншақ Досберген мен Аяжан Әнес «Өнерлі жанұя», Қ.Пірімов ауылынан Жансая Тастайбектің әжесі Гүлзат Көптенова «Өнегелі әже» бағамымен, ал Жалаңтөс ауылынан қатысқан Шұғыла Абашованың немересі Айзере Шайхслам «Қылықты немере» бағамымен марапатталып, бағалы сыйлықтарды иемденді.

Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА
14 мамыр 2024 ж. 299 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031