Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсат – ел тыныштығын қорғау

Мақсат – ел тыныштығын қорғау

Құрметті қазалылықтар!
Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен және Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 32 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн.
Осыдан 32 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда Ұлттық Қорғаныс Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды.Сол уақыттан бері бұл Отан үшін қалтқысыз қызмет ететін рухы мықты, ержүрек азаматтардың мерекесіне айналды.
Қазақстанда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды.
Баршаңызды осынау мерейлі мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін. Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!

М.Шермағанбет,
Қазалы ауданы әкімі 


07 мамыр 2024 ж. 212 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031