Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Құрметті Отан қорғаушылар!Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осынау ұланғайыр жерді қорғап, мұраға қалдырды. Соның арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекет құрып, өркендеп келеміз.
Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» деген. Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бүгінгі күні қазалылықтар да Отанымыздың қорғанысын нығайтуға лайықты үлесін қосып келеді.
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.
Ардақты ағайын!
Айбынымыз әрдайым асқақ, байрағымыз қашанда биік болсын! Бейбітшілік тірегіне айналған Отан қорғаушылар күнімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін.

Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев

07 мамыр 2023 ж. 1 066 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930