Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!
Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын.
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы ұланғайыр жерді қорғап, бізге мұраға қалдырды. Соның арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекет құрып, оны өркендетіп келеміз.
Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүрген сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз. Себебі мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар қандай марапатқа болса да лайықты.
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.
Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» деген. Қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қазалылықтар бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Қымбатты жерлестер!
Бүгінгі ерекше мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін. Еліміздің тыныштығы жолында сапта тұрған қырағы сарбаздарымыз бен сардарларымыздың қызметіне Қазалы жұртшылығы атынан сәттілік тілеймін.
Айбынымыз әрдайым асқақ, байрағымыз қашанда биік болсын!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
05 мамыр 2020 ж. 963 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 46

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 108

Өнерде жоқ шекара

21 мамыр 2025 ж. 28

Барлаушы Сағымов

21 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031