Табиғаттың тілі жоқ
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Мектеп оқулықтарында жиі кездесетін бұл тіркестің күн жылынып, жер жібігенде көбірек ойға оралатыны белгілі. Оның үстіне қазіргі таңда керемет нәтижеге жетелеп отырған «Жасыл мектеп» жобасы құтхана мектептегі экологиялық тіршіліктің күре тамырына қан жүгірткендей. Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектепте осыған байланысты «Экология және біз» атты аудандық семинар өтті.
Ұлттық құндылықтар арқылы балаларға экологиялық мәдениетті дәріптеуді көздейтін жиынға ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов, мектеп басшылары мен ұстаздар қатысты. Олар ең алдымен «Жасыл мемлекет жасыл мектептен басталады» деген кіріспе тақырыппен аулада атқарылған жұмыстармен танысты. Бұл сәтте мектеп жанынан құрылған «Бастау» домбырашылар оркестрі күй күмбірі арқылы меймандарға айрықша әсер сыйлап отырды. Оқушылар мен ұстаздардың қиял биігінде пайда болған қолөнер туындыларымен көпшілік танысып болған соң, қазақтың киелі шаңырағы астындағы басқосуға асықты.