Жасыл желек жанды жадыратады

Еліміз бойынша бір уақытта басталған игі істі аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов бастап берді.
– Қазақтың: «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген тәмсілін естіп өстік. Әсіресе, біз өмір сүріп жатқан экологиялық аймақта бұған жете мән беруіміз керек. Табиғатқа қамқорлықты бала тәрбиесінің ажырамас бөлігіне айналдыра алсақ ұтарамыз көп. Бұған дейін де аудан бойынша білім саласы қызметкерлері, шәкірттеріміз жасыл желектің жайқалуына септесіп келеді. Республика бойынша өтіп жатқан бүгінгі шара осы ісімізге дем береді, – деді ауданның бас ұстазы.
Айта кетейік, игі іске ауданның барлық мектептері атсалысып жатыр. Олар мектеп ауласына гүл, тал отырғызуда.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат