Бірлігі бекем ел озады
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің барлық жетістігіміз бен жеңісіміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Осы күні біз баға жетпес байлығымыз – ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар», – дейді дана халқымыз. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ пен тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазірде қазақ елі өзіндік бет-бейнесі, ерекшелігі мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет», – деген еді. Ал егемен еліміздің бағындырған белестері, жеткен жетістіктері мен шыққан шыңдары бірлікпен келіп отыр.
Қадірлі ағайын!
Бүгінде ауданның экономикасы, мәдени, әлеуметтік салалары қарқынды дамып келеді. Бұл жетістіктер қазалылықтардың ынтымақты тірлігінің арқасында мүмкін болып отыр. Ендеше әрбір аудан тұрғыны осы құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтауы тиіс.
Бүгінгі бірлік мерекесі қарсаңында сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін.
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ