Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған өңір – тұнған өнер

Туған өңір – тұнған өнер

Тақырыбында Қазалыда қазақтың төл мәдениетін дәріптеп, ұлылардың ұлы ісін жандандыру мақсатында аймақтық өнер фестивалі басталды. Көмейлерден ән мен жыр төгіліп, күмбірлеген күй ойнаған кеш Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында болды.
Алдымен алқа мәжілісі басталды. Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Б.Жолтаев 2024 жылы атқарылатын мәдени шаралар мен мерейтойлар туралы ақпарат берді. Қазалы ауданының мәдениет саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының жай-күйі туралы А.Маратқызы баяндады. Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы Ж.Ашанқызы "Адал адам" жобасы турасында айтты. Сонымен қатар шара барысында "Озық тәжірибе – өркениетті ой" тақырыбында шеберлік сағатын жүргізілді.
Түс қайта өткен фестивальдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов құттықтау сөз сөйледі.
– Қымбатты өнерпаздар! Алдымен баршаңызды ауданымызда дәстүрге айналып келе жатқан «Туған өңір – тұнған өнер» атты аудандық көркемөнерпаздар фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, өткен жыл Сыр өңірінің мәдениет және өнер саласы үшін көптеген жағымды жаңалыққа толы болды. Президентттің тапсырмасымен аймақ басшының қолдауымен ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстың 85 жылдық, ауданымыздың 95 жылдық мерейтойларын ел-халық болып жоғары деңгейде атап өттік. Мерейтойлар аясында облыс орталығында «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» сынды руханиятқа толы жаңа нысандар пайдалануға берілді.
Биыл да ауданның мәдениет саласы жағымды жаңалықпен басталды. Ұлу жылының басында аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының қатысуымен 600 орындық жаңа Мәдениет үйінің лентасы қиылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Амандық болса, жақын күндері Кәукей ауылындағы құрылысы басталған жаңа клуб ғимараты ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға беріледі. Сонымен, барлық ауданда бірдей «Руханият» орталығы салынады. Оған бюджеттен қаржысы бөлінген, – деді Д.Тлеумбетов.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары: "Мемлекет басшысы өткен жылғы Түркістан қаласында өткен «Ұлттық құрылтайтың» екінші отырысында сөйлеген сөзінде «Адал адам» тұжырымдамасын айтқан болатын. Ал, биыл аумақ басшысы облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында облыс халқы биылғы жылды «Руханият жылы» деп атап өтетіндігі жөнінде айтты. Жыл аясында тек мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ауқымды жобаларда жүзеге асырылмақ" – деді.
Биыл аудан халқы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдық мерейтойын, Әйтеке бидің 380 жылдығын кең көлемде атап өтеді. Сонымен қатар, елге еңбегі сіңген азаматтардың мерейтойлары да назардан тыс қалмайды.
– Қазыналы Қазалы ауданының қасиетті топырағында дүниеге келген Роза Бағланова, Мәдина Ералиева, Кеңес Дүйсекеев сынды өнер тұлғаларының жарқын бейнесі мен әуелеген әдемі әндері бүгінгі ұрпақтың мәңгі жүрегінде. Қазір де киелі өнер жолында туған жердің атын шығарып, ұлылардың өнерін жалғап, биік тұғырдан көрініп жүрген жерлестерімізде жетерлік. Міне, бүгінгі өнер фестивалінің негізгі мақсаты – еліміздің төл мәдениетін дәріптеу арқылы ұлылардың ұлы ісін ұлықтап, әдет-ғұрпын, туған жеріміздің тарихын келер ұрпаққа кеңінен насихаттау. «Мәдениет – ұлттың мәйегі, Өнер – ұлттың жаны» – дейді халық даналығы. Демек, халқымыз өзіндік мәдениетін, руханиятын, салт-дәстүрін ұмытпай одан әрі дамыта түссе, халқымыздың бірлігі биік, тірлігі табысты болары анық, – деген Д.Тлеумбетов мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірақатар азаматтар облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың «Алғыс хатымен» марапаттады.
Фестиваль шымылдығы аудандық мәдениет орталығы мен ауыл өнерпаздарының әдемі әні мен ашылды. Мәдени шара барысында әр ауылдың таңдаулы өнерпаздары өздерін сан қырынан танытып, көрерменнің зор ықыласына бөленді.
Бұл өнер сайысын 28 ақпан – 26 мамыр күндері аралығында 4 аймақ бойынша өткізу жоспарланып отыр. Өнер додасы 6 шілдеде қорытындыланады.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ

18 ақпан 2024 ж. 219 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031