Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таза аймақ

Таза аймақ

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Таза Қазақстан - таза аймақ" экологиялық науқаны бастау алды.
Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» атауымен аталып, бүгін ұйымдастырылған игі бастамаға барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысты.
Акцияға қатысушылар бекітілген аумақтарда тал көшеттерін отырғызып, сквер-аллеяларды тазалап, аяқ су жүретін арық көздерін аршыды. Ал, арнайы мекеме жұмысшылары аялдамаларды, жолаушылар дамылдайтын орындықтарды, бағдаршамдарды жуып, жарық бағаналарын сырлады.
Айта кету керек, 2-ші наурыз бен 4 мамыр аралығына облыс әкімінің өкімімен жарияланған екі айлық санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру шарасы басталғалы қалаішілік арықтар аршылып, негізгі каналдар тазаланды. 8 000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды. Екі айлық аяқталғанша 35 мың түп саялы ағаш егіледі. Жас өскіндерге жаңадан құрылған «Жасыл-Қызылорда» мекемесі күтім жасайды.
10 сәуір 2024 ж. 385 0

Наурызнама: Жаңару күні

19 наурыз 2026 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031