Аурудан айықтырған тігін машинасы
Біз мінген жеңіл көлік Қазалы қаласындағы Қосаев көшесіне түсті. Көшені бойлап, діттеген мекенжайға келіп жеттік. Аулада ойнап жүрген қыз балалар жарыса амандасып, мәз-мәйрам. Тап-таза, қоңыр салқын, жанға жайлы үй ішінен тек сырт-сырт еткен дауыс естіледі. Ішкі бөлмеге енгенімізде, тігін машинасында отырған Балшекер әжені көрдік. Іздегеніміз де осы кісі болатын.
Төрлетіңіздер, апам мына жақта, – деп бізбен күлімсірей амандасқан келіншек әже отырған бөлмеге ертіп келді.
– Сәлембердік, әже!
– Бақытты болыңдар, айналайын. Келіңдер, жоғарышығыңдар.
– Тігін мәшинеңіз жүріп тұрма?
– Бұл мені ауруымнан айықтырып, аяғыма тіктұрғызған мәшинеғой.
Біздің Балшекер әжемен әңгімеміз осылай басталды. Қариякеудесіндегі құпияны білуді ойладық.
– Қалай болды сонда? Ауруыңыздан айықтыратындай қандай қасиеті бар? – деп сұраққойып, сөзіне құлақ түрдік.
– Төртіншірет инсульт алып, төсек тарты пжатып қалдым. Қол-аяғым қимылдамай, жүріп-тұруым қиындады. Сонда балаларым: «Мама, сізге машинаңыз ем болады. Соған назар аударыңыз», – деген соң ұлым мен келініме машинаға отырғызуын сұрадым. Бірте-бірте денсаулығым түзеліп, аяққа тұрдым. Қаншам ажылдан бері жаныма серік еткентігін машинам қадам басуыма себепші болды, – деді. Таңқалдық. Ақшашты апаның сөзін іліп әкеткен келіні Эльмира: «Тігінтігудесе, тамақ ішпеуге бар. Зейнет ақысын алғанбойда «Мата әкеліпбер» деп тапсырады. Демалып алыңыз, десек тыңдамайды», – деп ағынан жарылды.
Сексеналты жастағы кейуана көзілдіріксіз ине сабақтап, құрақ құрайды. Олтіккенк өрпе-жастықтардың көркікөздің жауыналады. Бүгінге дейін қолынан ине-жібі түспеген Балшекер әже тігінтігуді анасы Арудан үйреніпті. «Шешем, жарықтық, шеберкісіеді. Қолынан келмейтіні жоқ. Ол уақытта тігін мәшинесі болмады. Барлығын қолмен тігетін. Қасында отырып, біраз дүние үйрендім. Бала кезден-ақтігін тігіп, жүн иіріп, тоқыма тоқыдым. Кейін күйеуге шыққан кезде қолымнан іскелетіні көп көмек болды», – дейді ол.
Әке-шешеден ерте айырылған Нұрылла Нұрекешовпен отау көтерген Балшекер Бисенәліқызы өмірдің ащы-тұщысын теңкөрген жандар. Талай қиын кезеңді бастан өткерсе де, барғақанағат, жоққа сабыр қыла білу ол заманның адамдарына тән қасиет екенін әженің әрбір әсерлі әңгімесінен ұқтық. «Қайынағам, абысыным мен бірге тұрдық. Менің тігін тігетінімді білетін қайынағам бір күні мына мәшинені сатып әперді. Тез үйреніп кеттім. Үйге орау-орау мата әкеліп: «Балам, мынаның бәрінен кеудешетік. Қолыңнан келеді», – деді. Содан тігін мәшинесіне отырып, үлкендерге, екі үйдің балаларына күпәйкі тігіп бердім. Қайнәрсенің де тапшы кезіғой. Үстері жаңаланып, бәрі қуанып қалды. Жолдасым Нұрылла – соғыс ардагері. Елге оралған соң мектепте алғашқы әскеридайындық пәнінен сабақ берді. Бойынд асынықшылық қасиетіболатын. Ата-бабасынан келе жатқан осы қасиетінің арқасында көп адамға шарапаты тиді», – деп өткен күнді еске алды.
Уақытында пәтір нан пісіріп, диірментартып, келітүйген қария қазір көрпе-төсектен бөлек, шапан, кеудеше, көйлектігеді. Жүндіиіріп, шұлық, жемпір, шарқат, тағы басқа жылы киімдерді тоқиды.
– Әрнәрсе өзінің заманында деген. Кезінде алтықанат киіз үйіміз болды. Соның барлық жабдықтары – бау, туырлықты өзім тіктім. Үйдің де түздің де жұмысын істей жүріп, өсіпөндік. Шүкір, он балам бар. Әрқайсысы бір-бір шаңырақ иесі. Немеренің маңдайынансүйіп, шөберенің қолынан су ішкен бақытты жанмын, – деген алтын құрсақты анаұл-қызына деген сүйіспеншілігін жүзіндегі жылылық пен жанарындағы мейріммен сездірді. Құтқонған, қасиет дарыған шаңыраққа он жеті жасында келін болып түскен Эльмира Нұрылла әке мен Балшекер ананың үлке нұлдары Еркебайдың келіншегі. Қарашаңырақтың түтінін түзу ұшырып, әулетке сыйы артқан келін ата-енесінің жолын үлгі тұтады.
– Әкеміз де, анамыз да қонақжай кісілер. Үйден адам арылмайтын. Әкем сөз шеңәрібатагөйеді. Балықаулап, құсататын да өнері болды. Сынықшылық қасиеті біртөбе. Талай адам келіп, жазылып кетті. Бірде мынадай оқиға болды. Осында тұратын ұлты орыс кісі аяғын сындырып алып, біздің үйге келеді. Сөйтіп, есіктен кіре бергенде «Піссімәла» деп аяғын көтеріп қалғанда шыққан аяғы өздігінен орнына түсіпті. Бұның өзі шаңырақтың киелілігі деп түсінем. Әкеміздің бауырларында да, баласы Бақбергенде де бұл қасиет бар, – дейді шаңырақтың үлкен келіні Эльмира.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА