Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарқыт

Сарқыт

Сәулештің үйіне көршісі Әлима аптыға кірді. Асығыс амандасып, «Ау, болсаңшы, әлі киінбегенсің бе?» – деп төрге озды. Аяғын ақсаңдай басып, терезенің жанындағы диванға сылқ етіп отыра кетті.
– Мына аяқ қалды ғой, құрығыр. Осында жеткенше жанымды шығарды. Әнеукүні Жолдастың ұлының тойында кемпір біткеннің бәрі аяғым деп «зарлағанда», «еее жалғыз мен емес елдің бәрінің жағдайы осы екен ғой» деп өзімді жұбаттым. Тез дайындал, барайық. Мына аяқпен жеткенше той тарқайды.
– Әлі ерте емес пе? – деп Сәулеш көршісіне сұраулы жүзбен қарады.
– Қайдағы ерте, бол енді.
Сәулеш қазір деп ішкі бөлмеге кіріп кетті. Әлима гүбір-гүбір бірдеңелерді айтуда. Жөнді естілмесе де «ммм», «иә» деп қоштап қояды.
Той иесіне құтты болсын айтып, қолдарына қыстырғандарын беріп, дастарқан жайылған бөлмеге беттеді.
– Айттым ғой әне, ерте келіп қойыппыз, – деп Сәуле көршісінің құлағына күбірлей бергенде, қиылыс көшедегі әйелдер топ болып кіріп келді. Қонақтар бірінің ізін ала бірі кіріп, кең бөлмеге қойылған екі үстелдің басы әп-сәтте толып қалды.
Қос көрші қатар жайғасты. Сәулеш сол жағында отырған таныс келіншекпен енді ғана шүйіркелесе бастап еді, Әлима оң бүйірден нұқып қалды. Жалт қараған бұған:
–Анау алманы әперші, немереме уәде беріп едім, – деді.
– Асықпасаңшы, ең болмаса, шай ішіліп басталсын, – деп Сәулеш ұяла үн қатты.
– Қой, қазір-ақ түгесіліп қалады, – деген Әлима алып бермесіне қоймады. Сәулештің қолына қызыл алма ілігіп еді, Әлима жұлып алғандай: «Сарысын алшы, қызылдың түк дәмі жоқ. Қытайдікі ме бірдеңе», – деді.
Елдің бәрі кім бастар екен деп күтіп отырғандай. Жан-жақтан созылған қолдар әп- сәтте дастарқан бетін ортайтып тастады. Бір кезде тамақ тартылды. Қонақтар жегеннен гөрі, салып алуға құлшынысты болды. Бір тәрелкені төрт-бес әйел теңдей бөліп алды. «Бұнымыз ұят болар» деп айтар бір жан табылмады. Керісінше, «сарқыт» десіп, сыпайы тонады. Сәулеш ойланып кетіпті. «Дұрыс та шығар, сарқыт алу – дәстүріміздің бір түрі. Дегенмен, әдепті де ұмытпау керек. Дастарқандағы дәмнің бәрін бір пакетке аударып, алақұйын қылудың қажеті қанша?.. Ол жеуге жарамсыз болып қалады ғой». Жан-жағындағылар орындарынан тұрып жатқанда, Сәулеш те сарқыт алайын деп дастарқанға көз жүгіртті. Алайда бірер кәмпиттен басқа ештеңе қолға ілікпеді. Бос ыдыстар бұған қарап: «епті болу керек еді» деп тұрғандай.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

07 желтоқсан 2021 ж. 1 571 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930