Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЖМ 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы өтуде

ТЖМ 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы өтуде

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай елімізде «30 жыл – 30 игі іс» атты акция бастау алды. Науқанға қызылордалық төтеншеліктер де өз үлестерін қосып, жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар тұрғындардың жылыту пештеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қатты отынмен жылытатын үйлердің түтін мұржаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков айтты.
- Бүгінде облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, мүгедектігі бар 6 825 тұрғын үй тізімі нақтыланды. Департамент қызметкерлері тізім бойынша тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, биыл әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлеріне жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 484 дана табиғи газды анықтайтын датчиктер орнатылуда. Бұл датчиктер тұрғындардың улы газдан улану фактілерінің алдын алуға көмектеседі. Айта кету керек, әр аптаның сенбі күні тиісті мамандармен бірлесіп өрттің пайда болуын, түрлі қауіп-қатердің алдын алып, азайту мақсатында профилактикалық жұмыстары атқарылды. Бүгінге дейін барлығы 6 000-нан аса тұрғын үй секторын аралау арқылы 23 000 тұрғынға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді,- деді Асхат Плалұлы.
18 қыркүйек 2025 ж. 107 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930