Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Қазалыда болды

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Қазалыда болды

Қазалыда қазақ өнеріне оның ішінде қазақтың би өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің шығармашылық кеші өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен кешті аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, мемлекеттік би ұжымының қасиетті Қазалы төрінде өтіп жатқан шығармашылық кешімен құттықтады. Сондай-ақ аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің «Құттықтауын» табыстап, құрмет көрсетті.

Кеш барысында өнер ұжымы қазақтың ұлттық және әлем халықтарының биімен қатар, түрлі ұлт пен этнос арасындағы бірлік пен татулықты, бейбітшілікті насихаттап, қазалылық көрерменді ерекше өнерлерімен тәнті етті.

Ансамблдің шығармашылық кешіне куә болған жұртшылық бишілер қауымына шынайы ризашылығын жеткізіп, қошеметпен ыстық ықыласын жеткізді.

Айта кетейік, мемлекеттік би ансамблінің мұндай шығармашылық кештері облысымыздың барлық аймақтарында өтуде.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 сәуір 2024 ж. 246 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930