Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда теңізбен тағдырлас қаламгердің шығармашылық кеші өтті

Қазалыда теңізбен тағдырлас қаламгердің шығармашылық кеші өтті

Бүгін Қазалыда жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуаныш Жиенбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.

Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінде өткен «Теңізбен тағдырлас қаламгер» атты шығармашылық кеште ҚР Мәдениет қайраткері. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Қуаныш Жиенбай мен оның жары құрметпен сахна төріне шығарылды.

Шығармашылық кеште аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, қарымды қаламгердің еліміздің рухани-мәдени өмірінде өзіндік дара қолтаңбасы қалған тұлға екенін атап өтті.

Мұнан соң Қуаныш Әлмұратұлы мен оның жарының иығына қазақы дәстүрмен шапан мен ақ жаулық жауып, сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік кеште медицина саласының ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Құлпыбай Ысқақов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазалы ауданының құрметті азаматы Қасқырбек Мәмбетжан, ҚР мәдениет қайраткері Шаһизада Әбдікәрімов және жазушының қаламдас достары, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Сүлеймен Мәмет пен Толыбай Абылаев сөз сөйлеп, жазушыға деген ізгі лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, кеш барысында қазалылық өнер иелері — Оспанова Галя, Жәнібек Құтмаханов, Мұрат Әділ сахнада әннен шашу шашып, күй үнін күмбірлетті.

Шығармашылық кешті ақын, аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы, «Ғани Мұратбаев» сыйлығының иегері Есет Табынбаев әсерлі әңгімелермен өрбітіп, сұрақ қою арқылы жазушының өміріндегі қызықты да қиын сәттерді айтқыза білді. Сондай-ақ, оқырмандар да жазушының шығармашылығына қатысты өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 маусым 2022 ж. 544 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930