Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Табиғатты аяла» форумы өтті

«Табиғатты аяла» форумы өтті

Үстіміздегі жылдың 8 сәуір күні №249 мектеп-лицейде «Табиғатты аяла» жас өлкетенушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының аудандық кезеңі өтті.
Форумға жас өлкетанушылар, экологтар, табиғат зерттеушілер мен жетекшілері қатысты.
Білім алушылар форум барысында қоршаған ортаны жақсартуға арналаған технологиялар, макеттер, үлгілер, волонтерлік жобалар, экологиялық мәселелерге арналған бейнероликтер, әлеуметтік бейнематериалдар және әртүрлі қалдықтардан және қайта өңдеуге болатын материалдар мен пайдаланылған заттардан түрлі бұйымдар, әртүрлі шығармашылық жұмыстар, экологиялық кітапшалардан көрмелер көрсетті.
Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалады. Форум қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері мен жеңімпаздар марапатталды.
Облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар «Жасыл мектеп» номинациясы бойынша №225 мектептің 10-сынып оқушысы Байсалбаев Ерасыл, «Болашаққа көзқарас» номинациясы бойынша Оқушылар үйінің 9-сынып оқушысы Қожбақ Назгүл, «Үздік Арт-нысан» номинациясы бойынша №100 мектептің 10- сынып оқушысы Қожахмет Нұрила, «Экоблогер» номинациясы бойынша №17 мектеп оқушысы Амангелді Анель, «Идеядан іске асыруға дейін» номинациясы бойынша №204 мектеп оқушысы Яқия Ұлжан көпшіліктен оқ бойы озық көрінді.
11 сәуір 2024 ж. 178 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 40

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 39

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 43

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 44

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031