Тұрғындардың назарына!
Осы жылдың 27 қазанында «Қызылорда облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі №334 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған қағиданың 11-тармағына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қазалы ауданы аумағында орналасқан су объектілерінд шомылуға тыйым салынған жерлер тізбесі ұсынылуда.
Өткен 2023 жылы Қазалы ауданында 7 суға кету оқиғасы бойынша бақытсыз жағдайлар орын алды.
Сондықтан, өз өміріңізбен денсаулығыңызды ойлап, үнемі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі
Қазалы аудандық комиссиясы














