Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы тазалық науқанына атсалысуға шақырды

Аймақ басшысы тазалық науқанына атсалысуға шақырды

Kyzylorda-news.kz Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Аталған акция аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды тазалық науқанына үн қосып, туған жерді түлетуге шақырды.

Қадірлі жерлестер!

Ардақты ағайын!

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңірінде бүгіннен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды.

Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген болатын.

Біздің айналамыздағы игіліктер адамдар үшін жасалған. Тазалық біз үшін басты құндылық.

«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Себебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас қала мен ауылдың айнасы.

Ұлы жол алғашқы қадамнан басталады. Осы ретте, тазалық айлығы аясында облыс халқы туған жерді түлетуге атсалысады деп сенеміз.
Сыр – Алаштың анасы!

Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде, мөлтек аудандарда жүзеге асыруға, қала мен ауылдарда тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз.

Тазалық біз бен Сізден басталады!
Туған жерімізді бірге көркейтейік!

09 сәуір 2024 ж. 695 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 37

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 106

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 111

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 108

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 107

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 110

Елес торыған үй

02 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031