Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: ТЖМ
Қазгидромет 9 сәуірге арналған ауа райы болжамында бірнеше облысқа қатысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды
Azattyq Ruhy.

Солтүстік Қазақстан облысы
2024 жылдың 9-10 сәуір аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Түркістан облысы
2024 жылдың 9-10 сәуір аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Жетісу облысы
09 сәуірде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорган қ.: күндіз 09 сәуірде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Павлодар облысы
09 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр, түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 09 сәуірде жаңбыр күтіледі. Ертіс өзенінде мұздың жүруі нәтижесінде өзен арнасында мұз кептелісі пайда болуы, су деңгейінің күрт көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтілуде.

Батыс Қазақстан облысы
09 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыс-Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Көшім каналы-Көшім аулының гидрологиялық бекетінде судың деңгейі соңғы 1 тәулік ішінде +35 см ге көтеріліп су деңгейі 08.04.2024 ж. сағат 16:00 де қауіпті деңгейге жақындап 774 см құрады. Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты судың келуі жалғасуда, әрі қарай қауіпті деңгейден асуы күтіледі.

Алматы облысы
09 сәуірде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.

09-10 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

2024 жылдың 09-10 сәуір аралығында аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Ақмола облысы
09 сәуірде Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атбасар қ. - Жабай ө. гидрологиялық бекетінде мұз жүру әсерінен су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (12 сағат ішінде 26 см). 08 сағ. жағдай бойынша су деңгейі қауіпті деңгейден 8 см асты (қауіпті деңгей - 710 см) су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылысы жоқ (тазартылды). Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзен арнасының жоғарыдағы, бүйірлік ағын және жылғалардан еріген қар ағынының келуінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Мұз құбылыстарының әсерінен (мұз жұру, мұз кептелісі) су деңгейінің одан әрі көтерілуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да судың жайылуы байқалмады.

Жамбыл облысы
09 сәуірде түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 09-10 сәуір аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Ақтөбе облысы
09 сәуірде түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 09 сәуірде күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Қарғалы а. – Қарғалы ө. гидрологиялық бекетінде Қарғалы су қоймасынан су тасталымы әсерінен су деңгейі қауіпті деңгейден асқаны бақыланды. Сонымен қатар 2024 жылдың 7-10 сәуір аралығында ауа температурасының жоғарлану болжамына және жаңбыр түріндегі жауын-шашынға байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі және өзен жағасынан шығуы күтілуде.

Абай облысы
09-10 сәуірде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, 11 сәуірде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. 09 сәуірде күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 10-11 сәуірде облыстың оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, 09 сәуірде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, 10-11 сәуірде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: күндіз 09 сәуірде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы
09 сәуірде күндіз Қостанай облысында жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 09 сәуірде түнде тұман күтіледі.

Астана
Астана қ.: 09 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз 09 сәуірде, тәулік бойы 10-11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 09 сәуірде облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, 09 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, 10-11 сәуірде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: күндіз 09 сәуірде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
09 сәуір 2024 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031