Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікті ұмытпау – елдікті ұлықтау

Ерлікті ұмытпау – елдікті ұлықтау

Халқымыздың тарихында ерекше атаулы күндер бар. Сондай мәнге ие күндердің бірі – 7 сәуір. 1995 жылдың дәл осы күні отан үшін кеудесін оққа тосқан қазақстандық жауынгерлер тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыста қайтпас қайсарлығын, беріспес батылдықтың үлгісін көрсетті.
Ал бүгін сол кескілескен шайқаста қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған "Ерлік – ұрпаққа ұран" атты сайыс өтті. Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицей базасында өткен жарыста мектеп оқушыларынан құралған командалар бақ сынады. Жарыс ережесі бойынша қатысушылар автоматты бөлшектеу және жинақтау, пенвматикалық мылтықтан оқ ату, оқжатарды жарақтау, белтемірге тартылу, сондай-ақ арқамен жатып, жерден кеудені көтеріп түсіру бойынша бәсекеге түсті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар арасында мұндай шараны өткізудің маңызы зор. "Осындай сайыстар арқылы өскелең ұрпақ, ерлердің ерлігін ұмытпай, тарихты түгендеп, өткенімізді өшірмей, содан сабақ алатын болады. Алдыңғы буын батыр ағаларының ерлігін бағалауды үйренеді, – дейді олар.
Жауынгерлердің аманатын арқалап, жарысқа қатысқан командалар өздерін жақсы жағынан көрсетіп, шараның мазмұнын аша түсті. Тартысқа толы тағылымды шара соңында бабы мен бағы қатар шауып, сыннан сүрінбей үздік көрінген команда мен өзге де қатысушылар аудандық қоғамдық даму бөлімінің арнайы дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Батырлар ерлігін ұлықтаудың ұйытқысы болған осындай шара алдағы уақытта да жалғасын тапса, өскелең ұрпақ өткеннен сабақ алып, ел еңсесін биіктетері анық.
Арайлым ЖҮСІПОВА
09 сәуір 2024 ж. 222 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031