Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мірдің оғындай мергендер

Мірдің оғындай мергендер


21 ақпан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте Кеңес Одағының Батыры, Халық қаhарманы, армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орай қыздар арасында «Мерген ару-2024» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті.
Жарыс оқушылардың денсаулығын нығайту және өскелең ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, пневматикалық мылтықтан оқ ату әдісін дамыту, шеберліктерін шыңдау, аудан құрама командасын жасақтауды мақсат етті.
Оқушылар жарыстың бағдарламасына сәйкес 7 спорт түрінен сайысқа түсті. Атап айтсақ, Иж-38 пневматикалық винтовкадан нысанаға оқ ату, АК-74 оқу қаурын толық емес бөлшектеу және жинақтау, АК-74 оқу қаурын оқжатарын патрондармен жарақтау, Иж-38 пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату сайысы, Арқамен жатып кеудені жерден көтеріп түсіру, Жалпы әскери қорғаныс жинағын плащ түрінде кию және Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша бақтарын сынады.
Сайыс нәтижесі бойынша:

Пневматикалық винтовкадан нысанаға 10 м. оқ ату сайысында І орын №91 мектеп оқушысы Аширимбетова Гаухар, ІІ орын №182 мектеп оқушысы Әли Каусар және ІІІ орын №16 мектеп-лицей оқушысы Өсербай Камила;
АК-74 қару толық емес бөлшектеу және жинау сайысында жүлделі І орын №97 мектеп оқушысы Төліңгіт Анель, ІІ орын №16мектеп-лицей оқушысы Өсербай Камила және ІІІ орын №225 мектеп оқушысы Қайрат Ұлдана;
АК-74 оқу қаурын оқжатарын патрондармен жарақтау сайысында жүлделі І орын №16 мектеп-лицей оқушысы Үсенова Қарақат, ІІ орын №25 мектеп оқушысы Қуантаева Нұрдина және ІІІ орын №216 мектеп оқушысы Ертас Аида;
Иж-38 пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату сайысында жүлделі І орын №70 мектеп оқушысы Ашимова Ақерке, ІІ орын №91 мектеп оқушысы Аширимбетова Гаухар және ІІІ орын №216 мектеп оқушысы Махсут Айя;
Арқамен жатып кеудені жерден көтеріп түсіру сайысында жүлделі І орын №25 мектеп оқушысы Қуантаева Нұрдина, ІІ орын №216 мектеп оқушысы Көлбай Бағым және ІІІ орын №70 мектеп оқушысы Жақсылық Нұрсая;
Жалпы әскери қорғаныс жинағын плащ түрінде кию сайысыда жүлделі І орын №70 оқушысы Ишимова Ақерке, ІІ орын №17 мектеп оқушысы Ақзамова Үміт және ІІІ орын №225 мектеп оқушысы Қайрат Ұлдана;
Алғашқы медициналық көмек көрсету сайысында жүлделі І орын №16 мектеп-лицей, ІІ орын №70, №204 мектеп және ІІІ орын №92, №182 мектеп командасы иеленіп аудандық білім бөлімінің «Мақтау қағазымен» марапатталса, №24 мектеп оқушысы Бағлан Арай, №70 мектеп оқушысы Өмірбекқызы Мәншүк, №70 мектеп оқушысы Жақсылық Нұрсая, №276 мектеп оқушысы Қанадбекова Диана, №216мектеп оқушысы Көлбай Бағым және №225 мектеп командасы үздіктер қатарынан көрініп, аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
#Қазалыбілім
#Қазалыақпарат
#мергенқыз

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
23 ақпан 2024 ж. 125 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031