Қазалылықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен қарсы алды

Мерекелік шаралар барысында аудан әкімі мен шараға қатысушы бірқатар зиялы қауым өкілдерінің және аудан ардагерлерінің қатысуымен 24 бүлдіршіннің тұсау кесу рәсімі өтті.
Ұлыстың ұлы күнін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудан жұртшылығымен бірге қасы алып, ақжарма тілегін жеткізді.
– «Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған әз-Наурыз – бірлік пен береке мейрамы. Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт, береке-бірлік тілеймін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», - деді аудан басшысы.


Мерекеге жиналған тұрғындар ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Жергілікті өнерпаздар мерекені думанға бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Сонымен қатар, алаңда қайырымдылық шатыры тігіліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат