Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды тіршілік атаулыны тірілтіп, табиғатты түлеткен, сан түрлі ұлттардың бауырластығына арқау болған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Дана халқымыз «әз Наурыз» деп атаған бұл күн – еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Наурыз – жақсылықтың жаршысы, жаңару мен рухани тазарудың, бейбіт өмір мен берекенің бастауы, ақыл-парасат, ерен еңбектің мерекесі.
Мейірбандылық пен ізгілік таныту, қиналғанға қол ұшын созып, қамқорлық пен қайырымдылық көрсету, қуаныш сыйлау – Наурыздың басты шарты. Сондай-ақ, бұл қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалыққа да ден қоятын шақ.
Бүкіл ғаламда күн мен түннің теңеліп, дастарханымыз аққа толатын, елге бақ қонатын бұл шақтың қазақылықтың қаймағы саналатын біздің аудан үшін алар орны ерекше.
Қадірлі ағайын!
Халқымызды ғасырлар бойы нұр шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Әз Наурыз бар жақсылығын ала келсін! Лайым бірлігіміз бен берекеміз арта берсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар Оразбаев
22 наурыз 2022 ж. 811 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 277

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930