Депутат ішімдік ішетіндер мен темекі шегетіндерге МӘМС ақысын көтеруді ұсынды: Бұған денсаулық сақтау министрлігі не дейді
Фото: obk.kz
Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев медициналық сақтандыру жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін темекі шегетіндер мен ішетіндер де төлеуі керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың сөзінше, медициналық сақтандырудың қолданыстағы моделі экономиканың барлық қағидатына қайшы келеді.
"Өз денсаулығы үшін дербес жауапкершілікті және емделуге дербес жинақтарды қамтымайды. Адам өз денсаулығына қалай қарайтынына қарамастан төлеуге міндетті болып шығады. Яғни, жаман әдеттері жоқ, спортпен шұғылданатын және аударымдарын емдеуге жұмсамайтындар денсаулығына мән бермейтіндер, темекі шегетіндер, ішетіндер және одан үнемі дәрі-дәрмектер мен дәрігерлерге ақша жұмсайтындармен бірдей төлеуі керек. Қарттарға, мүгедектерге және төтенше жағдайларға қатысты ынтымақты қағидат жұмыс істеуі керек екені түсінікті", – деді депутат.
Сөзінше, адамдар медициналық көмекке жүгінбестен ай сайын ӘМСҚ-ға төлейтін ақшасы үшінші тұлғалардың медициналық қызметін төлеуге кетеді.
"Сонымен қатар қор оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Ақиқатында бұл сақтандыру емес, салықтың қосымша түрі. Бірақ салықтарды ашық түрде пайдалану керек, ал МӘМС қорының жұмысы – бұл бір үлкен жұмбақ және бір үлкен түбі жоқ "қара тесік". Мұндай жағдайларда алдыңғы жүздеген миллиардтардың қалай және неге жұмсалғанын түсінбей тұрып, қорға төлемдерді 5 есе арттыру қоғам үшін тым қымбат, бизнеске шамадан тыс жүктеме", – деп жалғастырды ол.
Мәжілісмендер МӘМС төлемдерін арттырудан бас тартуды, медициналық сақтандыру жүйесін монополиясыздандыруды ұсынып отыр.
"Біздің жүйе жеке пайыздық мөлшерлемелерді немесе жеке жеке шот енгізуді білдірмейді. Себебі егер сіз осы бірыңғай қорды жеке-жеке шоттарға бөлсеңіз, бүгін салыстырмалы түрде шамалы соманы төлеп жүрген адам, ертең айтарлықтай қымбат медициналық көмекке ақы төлейді. Мысалы, жамбас буынын және стентті дәл осылай ауыстыру бір жарым миллион теңгеден тұрса, әсіресе, дәрі-дәрмекті енгізу бағасы екі миллион теңгеден асады. Кейбір трансплантация операциялары – 10 миллион. Тиісінше, бұл соманы жинау іс жүзінде мүмкін емес. Осыған байланысты біздің жүйе біртұтас пулдың ынтымақтастығы қағидаттары бойынша жұмыс істейді. Мұнда барлығы қажеттілікке қарай қосылып, үлестіріледі және тұтынылады", – деп түсіндірді Сұлтанғазиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінде МӘМС-ке ең жоғары жарнаны бес есе ұлғайту мүмкіндігі қарастырылатыны белгілі болды. Бұл жалақысы 850 мың теңгеден асатын қазақстандықтарға әсер етеді.