Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теріскейде тұрмысыңды түзеу қиын емес

Теріскейде тұрмысыңды түзеу қиын емес

Ел тәуелсіздік алғалы солтүстік өңірлердегі көштің ағыны тоқтаған емес. Әріге бет түзегендер мен нәсіп тартып ірі қалаларға қарай үдере көшкендердің есебі қисапсыз. Содан-ақ біздегі жұмыс күшінің тапшылығы сезіледі. Жасыратыны жоқ, оңтүстік пен батыс өңірлердегі біршама отандасымыз екі қолға бір күрек таппай жүр. Аймақтардың еңбек ресурстары арасындағы осы мәселені жою үшін арнаулы мемлекеттік бағдарлама түзіліп, жүзеге асты. Олардың ішінде біздің ауданнан солтүстікке көшкендердің де саны аз емес. Соның бірі – Рабиға Бердімұратова.
Ә дегеннен әңгімесін әріден бастаған ол Қазалы қаласында 16 Максим Горький атындағы мектепте оқыған. Білімі жоғары, орыс тілі әдебиеті пәнінен мұғалім және Бастауыш білім беру, Балабақша тәрбиешісі және де аспаздық қысқа мерзімді курсын тәмамдаған. Екі ұлдың анасы.
– Мен 2014 жылы оңтүстіктен солтүстікке көш бағдарламасын яки бұрынғы президент Н.Назарбаевтың қазақтандыру бағдарламасын білгеннен бастап солтүстікті зерттеп келдім, аралап көріп дегендей оның ішінде. Қостанай, Петропавл, Павлодар қалаларын барып аралап көрдім. Барған күнде немен айналысады күнкөріс деңгейі қалай табиғаты жол қатынасы қалай деген ішкі сұрақтарыма жауап таптым. Соның ішінде ең жақсы ұнағаны Павлодар облысы болды. Ескі әдемі, табиғаты керемет қала. Оның үстіне бас қала. Астанаға жақын екен. Қазалы мен Қызылорда қаласы секілді. Мен өзім табиғатты жақсы көргендіктен қалаға жақын Ертіс өзенімен Омск трассасының бойындағы ауылға көшіп келдім. Келген бойда мектеп жанындағы шағын орталыққа 1,5 ставкамен тәрбиеші болып орналастым. Бәрі жақсы әрі заңды. Бағдарлама бойынша жан басына бөлінетін квотамызды алдық. Керегімізге жараттық. Көлік жалдап барлық мүлкімізбен көшіп келдік. Екі студент баламмен, шүкір жағдайымыз жақсы. Барлық жағдайы жасалған. Жаңа үйге қоныстандық. Есік алдында үлкен егістік алқаптар бар. Қалаға дейін көкөністі егіс алқаптары. Демалыс күндері жұмысқа шығып, көкөніс теріп, қосымша ақша да табамыз. Жазғы демалыста оқушылар да егістікке жұмысқа шығып ақша табады. Адал еңбекпен таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін бос жүрген адам көрмейсіз, – дейді ол.
Жерлесімізден туған жерге қайта ораласыз ба деп сұрағанымызда оның нақты шешім қабылдап, сол жаққа сіңіскенін аңғардық.
– Қазалыға қайтамын деп емес, осында өсіп-өнемін деп келдім. Ал болашақта балалар туған жерде тұрамын десе қарсы емеспін. Мұнда жұмыс бабында өсуге еш кедергі жоқ. Қолыңнан келсе, құжатың сәйкес болса, қалаған жұмысыңа таныс-тамырсыз орналаса аласыз.
Қазақстанның 85 процент жерін аралап көрген адам ретінде айтсам, бұл жақта заң бар. Мысалы, қоғамдық көліктерде 15 жасқа дейін оқушылар, көп балалы аналар, мүгедек жандар тегін жүрсе, зейнеткерлер 50 процент жеңілдікпен жүре алады. Ауылдық жерге баратын қоғамдық көліктерге студенттерге жарты билет төлейді. Сосын аурухана, емханаларында мүгедектік анықтамасы барлар кезектен тыс босатылады. Қала таза әдемі халқы өте мәдениетті.
Көшуге ниет білдіруші қазалылық жерлестеріме қорықпаңыздар, келіңіздер дегім келеді. Үкіметтен қолдау барда көшіп келіп солтүстікті бірге дамытып, өсіп-өнуге бірге Қызылорда секілді қазақы қала қылуға шақырамын. Солтүстік те біздің жеріміз, өз еліміз. Келем деушілер болса үкіметтен бөлінген тегін жатақхана бар. 10 күнге дейін жатып, аралап ұнаған жеріңізді таңдауыңызға, қалаған жұмысыңызға орналасуға болады. Айтқандай, бұл жақта да қызылордалықтар жетерлік. Шымкент пен Түркістаннан келгендер де өте көп. Одан қалды шет елдегі қандастарымыз да бар. "Ебін тапқан екі асайды" дегендей үкіметтен берілетін көмекті алы , осындай керемет жерге келіп, кәсіп бастап кетсеңіз болады, – дейді Рабиға Серікқызы.
Қазалылықтар жалғыз Павлодар облысында ғана емес, Қостанай, Петропавл сынды аймақтарда да бар. Сонымен қатар кейіпкеріміздің ықпал етуімен Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Өзбекстан, Түрікменстаннан бірнеше отбасы көшіп келіпті.
– Қазалы әкімдігі дұрыс жұмыс жасаса, ауданда тұрмысы төмен отбасы, жұмыссыздар саны азаяр еді. Жұмысы жоқтық адам баласын аздырарын ескерсек, екі қолға бір күрек табуды ойлайық. Оның үстіне шалғайдағы қазақ жерін қазақыландыруға да үлес қосқан құба-құп болар еді. Менің басты мақсатым да осы, – дейді жерлесіміз.
Айнұр Әли
07 наурыз 2024 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031