Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл мұғалімі инклюзивті білім берудің бағдарламасын жасады

Ауыл мұғалімі инклюзивті білім берудің бағдарламасын жасады

Түркістан облысының Келес ауданындағы Л.Жолдасов атындағы №39 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Асылбекова «Орыс тілі сабағында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында өз бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мақсаты – инклюзивті білім беру барысында тіл құрылымына әсер ете отырып, оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.
Мұғалімнің айтуынша, орыс тілі сабақтарында әдеби тіл нормалары мен сөйлеу этикетінің ережелері туралы түсінік алу маңызды, алайда қарым-қатынаста байланыс орнату қабілетін дамыту да аса қажет.
Инклюзивті сыныптарда сабақ беру кез келген мұғалімнен үлкен тәжірибені талап етеді. Балалардың лексика мен фразеологияның негізгі стилистикалық қорларын, орыс әдеби тілінің негізгі нормаларын, сөйлеу этикетінің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық нормаларын меңгеруі үшін жай ғана сабақ өткізу жеткіліксіз. Сондықтан бұл авторлық бағдарламам барлық ұстаздарға, әсіресе жас мамандарға көмекші құрал боларына сенімдімін, – дейді ұстаз.
Атап өтейік, мұғалімнің авторлық бағдарламасында күнтізбелік тақырыптық және қысқа мерзімді жоспарлар толықтай берілген.

09 қараша 2023 ж. 248 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930