Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұдан былай қарызын өтемей жүргендерге кредит берілмейді

Бұдан былай қарызын өтемей жүргендерге кредит берілмейді

Фото: Pixabay
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 890 мың азаматының 382 млрд теңге сомасындағы қарыздары коллекторлық агенттіктерге берілген. Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтарға несие беру талаптары қатаңдатылады. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ кредит беруге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Проблемалық қарыздары бар азаматтардың қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан жағдайда оларға кепілсіз тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салу жөнінде норма енгізіледі, - деп айтты депутат заң жобасын таныстырғанда.

Бұдан басқа, банктер мен микроқаржы ұйымдарына барлық қолданыстағы, яғни өтелмеген тұтынушылық кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан соң сыйақы есептеуге тыйым салынады.

Проблемалық кредиттерді реттеу рәсімдерін іске асыру арқылы азаматтардың проблемалық берешек деңгейін азайту маңызды шара. Соңғы жылдары банктер мен микроқаржы ұйымдары өз баланстарын тазарту үшін жеке тұлғалардың проблемалық кредиттерін айтарлықтай жеңілдікпен коллекторларға беру практикасы қалыптасты. Сондықтан да қарыз алушылардың мерзімі өткен берешекті реттеу құқықтарын қорғау үшін банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың кредиттерін төлем мерзімі өткен кезден бастап 24 айдан соң және кредитор берешекті реттеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін ғана коллекторлық агенттіктерге сатуына рұқсат беру ұсынылады, - деп түсіндірді Үнзила Шапақ.

Мәжілісменнің айтуына қарағанда, бүгінде коллекторлық агенттіктер едәуір көлемде жеке тұлғалардың қарыздарын сатып алып, олар бойынша қарыздың барлық сомасын қайта құрылымдаусыз өндіріп алып жатыр.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 890 мың азаматының 382 млрд теңге сомасындағы қарыздары коллекторлық агенттіктерге берілген. Осыған орай, жеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу бойынша коллекторлардың тікелей міндетін енгізу ұсынылады, - деп айтты Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ отырыста.
06 наурыз 2024 ж. 235 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930