Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлушылардың ұсыныстары тыңдалды

Сайлушылардың ұсыныстары тыңдалды

Аудандық мәслихат төрағасы, партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш және аудандық мәслихат депутаты Ерболат Мұхаш №249 мектеп-лицейінің мәжіліс залында бірқатар сайлаушылармен кездесу өткізіп, атқарған жұмыстары шеңберінде есеп берді.

Кездесу барысында аманаттық депутаттар партия алаңында жасалған қоғамдық қабылдаулардың нәтижесі, аудандық мәслихаттың сессияларында және тұрақты комиссиялармен бірлесе атқарылған жұмыстар, партияның Сайлауалды бағдарламасының аудан көлемінде орындалуы, сайлаушылардың талап-тілектері мен ұсыныстарын орындау бойынша жасалған жұмыстардың барысына тоқталды. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндірме жасады.

Мұнан соң жиын қатысушылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып ұсыныстарымен бөлісті. Мәселен, №249 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектеп ауласындағы спорттық алаңның жай-күйіне қатысты мәселені алға тартса, ал келесі тұрғын қаңғыбас иттердің көптігі, Әйтеке кентіндегі тұрғын үйлерге жақын каналдардың балалар үшін қауіпті болуы алаңдататынын айтты.

Барлық мәселе бойынша халық қалаулылары толық түсіндірме жүргізіп, бірқатар мәселелерге сәйкес тиісті мекемелерге ұсыныс хат жолданатындығын атап өтті.

#AMANAT
27 қазан 2023 ж. 384 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031