Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру

Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру

Бүгінде «AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту.
Осы ретте бүгін жобаның мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған партия жанындағы Саяси менеджмент академиясының өкілдері Жалаңтөс батыр және Қ.Пірімов ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесулер барысында «Ауыл АМАНАТЫ» жобасы аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қаланың өндірісінің басым бағыттарын айқындап, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша ақпараттар берілді. Сонымен қатар, 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, тұрғындарға ауыл шаруашылығы саласының дамуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ететін жобаның бірнеше ерекшеліктері атап өтілді
Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған жобаны бірқатар ауыл тұрғындары қолдап жатса, келесі бір тұрғындар құжаттарын дайындау, жайылымдық жер, кепілге қою т.б. мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аталмыш жиындарға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Бегалықызы, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Оңғарұлы, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Бақытжан Дүзелбайұлы, аудандық мәслихат депутаты, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғазиз Әлмәбетұлы және тиісті дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
#AMANAT
08 тамыз 2022 ж. 328 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930