Уақыт белдеуінің өзгеруі: қазақстандықтарға ықтимал ақаулар туралы ескертілді
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қазақстандықтарға eGov жұмысында ақаулар болуы мүмкін екені туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Осы уақыт аралығында келесі жобалар:
eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
egov mobile мобильді қосымшасы;
"Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
"Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
"e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі;
және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.