Ардагерлерге медициналық көмек көрсетіліп, кеңестер берілді

“AMANAT” партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында бүгін аудандық партия филиалына қарасты «Шипагер» бастауыш партия ұйымының мүшелері ардагерлердің үйлеріне барып, денсаулықтың күтіміне байланысты медициналық көмектер көрсетіп, кеңестерін берді.
Өз кезегінде ардагерлер қолдау танытып жатқандары үшін партиялықтарға және арнайы уақыттарын арнап қызмет жасаған ақ халатты абзал жандарға ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, жобаға бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілұлы бастаған бір топ мүшелері атсалысты.
#AMANAT