Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Анаға тағзым

Анаға тағзым

Биыл маусым айының жиырма төртінші жұлдызында Қызылқұмдағы аталарымыздың басына зират етейік деп, ағаларым Алманияз баласы Тасболат, Қоңырбай баласы Таубай және жүргізуші Рүстем төртеуіміз Лақалыға бет түзедік. Лақалыдан Қарасақал Ерімбет атамыздың ағасы Қосмамбеттің шөбересі Рахметов Әділбекті алып Ақ ишан, Кәлен ишан мешіттеріне барып, аталарымызға құран бағыштадық. Осы екі мешіттің төңірегінде, Қуаңның бойында Ақылбай, Бисенбай аталарамызда жатыр. Мен өзім былтыр да келіп зират етіп кеткенмін.

Биылғы қайта келуіме түрткі болған Ғанидың әкесі Мұратбайдың анасына салған мұнарасы еді. Қараөзекте Мұратбайдың анасына салдырған мұнара бар дегенді, алғаш рет Ғалия Орынбасардың Ғани Мұратбаев туралы «Жалындап өткен өмір» атты деректі әңгімелер жинағынан оқыдым. Бұл кітаптың менің қолыма қайдан түскенін де білмеймін, бірақ сол күннен бастап мұнараны көрсем, басына белгі қойсам деген ой қалыптасты. Осы ойымды ел ағаларына, өз бауырларыма жеткізіп едім, сауапты істен құр қалма деген, бәрі бір ауыздан қолдай кетті. Сонымен Қуаңның айналасын жітік білетін адам іздеп Лақалыдағы Абай баласы Талғат балдызыма хабарластым. «Әбеке ешкімді іздеме, қазір телефонын берейін, Қарасақал Әділбек деген өзіңнің ағаң бар, сол кісі бұл төңіректі жақсы біледі, соған хабарлас», – деп телефонын берді. Әдекең осы өңірде қой, жылқы баққан екен, әкесі де бақташы болған. Қараөзек мұнарасы жанында Қараөзектің бұлағы бар екен. Әкесі де, өзі де сол бұлақтың басында мал бағып отырған екен. Қос мешітке соғып, құран бағыштап болған соң, ал енді мұнараға апарайын деп Әдекең жол бастады. Мұнара Ақ ишан мешітінен 7-8 шақырым шамасында, биік төбеге салынған. Алыстан Ақша батыр мұнарасы көрініп тұр. Қазіргі биіктігі 9-10 метр, көлемі 3 метрдей. Бала күнімде бұның көлемі қараша үйдей, биіктігі бұдан да биік еді, 40-50 жылдан бері қам кірпіштен салынған мұнара жаңбыр суы шайып осындай күйге жетті, – дейді Әдекең. Мұнара жанында үлкен бейіт бар екен, ол да жартылай құлап батыл бола бастаған. Бұл Мұратбайдың анасының бейіті.
Совет Үкіметі орнағаннан кейін бұрынғы көшпенділік өмір отырық­шылыққа айналды. Сол тұста біздің аталарымыз осы Қуаңның бойында Қарасақалдардың ата қоныс қыстауының орнында отырып күн кешкен. Кейін колхоз, совхоз ұйымдастырылып, осы ұйымда еңбек еткен, – деп бастады әңгімесін Рахмет немересі Әбдіхалық баласы Әділбек. Негізгі кәсібіміз мал бағу болғандықтан әкем «Бөзкол» совхозының малын бақты, кейін өзім де сол кәсіппен айналыстым. Осы мұнара жанында да қыстау болды. Маған, әкем Әбдіхалықтың айтқаны, мына Қараөзектегі мұнараны Мұратбай болыс анасының құрметіне салдырған. Және осы төбенің төңірегіндегі, 500 метр, бір-екі шақырым жердегі төбелерде жатқан қорым Қарасақалдар қорымдары, – деп.
Ал енді алдымыздағы қалың сексеуілдің орнында кезінде тақыр болды десем, сенесіңдір ме? Осыдан 50 жылдай бұрын Қуаңдарияның суы арнасынан шығып тасып тақырдың бетін, айналаның бәрін су алып кетті. Келесі жылы су тартылғаннан кейін тақырдың бетін құм басып кеткен екен, сөйтіп орнына сексеуіл шыға бастады. Ал сол қалың сексеуілдің арасындағы төбеге 1916 жылы Ғанидің шешесі Бәтиманы жерлегенін білесіңдер ме? – деп қарап отыр Әдекең. Мынау біз білмейтін жаңалық. Сөйтсек 1916 жылы Бәтима анамыз сырқаттанып, Қазалы қаласынан елге, ағарған ішейін, таза ауада тыныстап демалайын, – деп келген екен. Бірақ ауруы асқынып көп ұзамай қайтыс болған. Оны Мұратбайдың жанына қойды. Осының бәрін әкем маған бала күнімнен осы айналадағы қорымдарда кімдердің жатқанын айтып кетті. Ал енді сендерге Мұратбай атамыз бен Бәтима анамыздың қорымын көрсетейін, деп машинамызға міндік. 600-700 метр жүргеннен кейін қалың сексеуілден ары қарай өте алмай, ары қарай 200-300 метрдей жаяу кеттік. Атамыз бен анамыз жатқан бейіткірер есігі бөлек, төрт адамға арнап салынғандай үлкен екен. Бұл да жартылай құлап батыл бола бастаған. Қорым төбенің басына салынған, төменде шұңқырда кезінде Көлдейбек, Мұратбай аталарымыздың құдығы болған, төңіректі су алған жылы құдық та көміліп кетті, – деп Әдекең әңгімесін аяқтады. (Бәтима анамыз Әлімнің Шектісінен тарайды, нақты руы белгісіз. Ағасы Назар деген кісі атақты балықшы болған дейді).
Мұратбай туралы бірер сөз. (Әкемнің нағашысы Қарасақал Нұрали Өткелбаевтің «Ғани Алаштың арысы, жастардың көсемі» кітабынан үзінді). Осы иманды адам (инсан) көп жыл болыс болып өктемділік, озбырлық жасады деген сөз естілмеген. Мәселелерді ымыра-мәмлемен шешуге бейім кісі болған. Өте кішіпейіл, қатал сөйлеуді білмеген адам екен. Мұндай адамдарды инсан дейді.
Мұратбай атамыз өз туысқандары, басқа да шағым айтқан адамдарға, оның ішінде отбасымен байланыс­ты келіспеушілік, әсіресе ерлі-зайып ортасындағы ымырашылық бұзылса, тәрбиелік мағыналы сөздерді көп айтқан «Ер адам өз әйелімен, жалпы әйелмен сөз алыспас болар, ұрыспас болар.Әйелмен қолайсыз сөз алысу, салғыласып ұрысу, не әйелге қол көтеріп ұру айуандық болады. Әйел-ана, отбасының ұйытқысы, берекесі. Әйел үйдің сансыз тынымсыз жұмыстарын атқарады: бала туады және оны тәрбиелеп өсіреді, кір жуады, тамақ дайындайды, диірмен тартады, келі түйеді, мал сауады, отын әкеледі, от жағады, т.т. Осындай сансыз ауыр жұмыстарды күнде атқарып отырған әйелге не сөз айтуға болады. Ер адам өзінің түздегі шаруасымен болсын. Үй жұмысына да икемді болсын. Ұрыс өрбіту – үйдің, бала-шағаның берекесін кетіреді», – деп насихат айтады екен.
Иманды атамыз Мұратбайдың өсиеті-әуелі анаға құрмет. Ананы ардақтай, бағалай білуге үндесе, екінші жағынан, ер адамды да жоғары бағалап, оны төмендеп кетпеуге, майда сөзді болмауға, намысты қолдан бермеуге, өзін-өзі қадірлеуге үндеген. Осы ғибратты ауызекі айтылған мазмұндар халық арасында тарқалған: «Әйел ұлтты тәрбиелейді» деген нақыл сөздің дәлелі іспеттес.
Мұратбай атамыз мына мақалды:
«Қас жақсының белгісі әрі мырза, әрі құл, Қас жаманның белгісі өз үйіне өзі тұл», деп айтып жүреді екен. Бұл мақал-мәтелде ер адамды кішіпейілдікке, менмен-көкірек болмауға, қайта ыңғай­шыл, қолғабысшыл, икемшіл, қол ұшын берушілікке үндейді.
Мұратбай болыс айтқан деген мынадай өсиетті мақал сөз бар: «Әйелге илі болмасаң үй болмайсың, халқыңа сыйлы болмасаң би болмайсың». Бұл мақалда әйелдің құрметі мен отбасының татулығы және берекесін сақтау сол үшін, қала берді қоғам үшін өте маңызды екені насихат етілген. Бұл мақал әсіресе ерлердің жанұяның мықты, тату-тәтті болуы үшін әйелге қандай көзқараста болғаны қажет екені уағыздалуда. Егер әйелге, анаға болған құрмет негізінде сол жанұяда ынтымақ, ымра, ауызбіршілік бар болса, ол үйдегі ерлі-зайыпты тұлғалардың өз-ара сый­ластыққа негізделген қатынастары басқа көршілес жанұяларға да өнеге болып, ол отбасыларға тәрбиелік жағымды әсері болады.
Қорыта айтқанда Мұратбай ата­мыздың анаға деген құрметінің белгісі Қараөзектегі анасына арнап салдырған мұнарасы. Әкем Ботабай айтып отыратын, Бапам (Рыстығұл атамызды үш Қарасақал «Бапа», – деп атайтын) әр жылы жаз Қарақұмда болып келгесін, атына мініп Қуаңға барып келемін, аталарамыздың басына барып құран бағыштап келемін, – деп жол жүріп кетеді екен. Енді ойланып қарасақ, Бапам Мұратбай атамыздың болыс болғанын, анасына осындай мұнара тұрғызғанын елге жария қылмай жасырын ұстауы қанды қылышты Совет Үкіметінің Ғанидай бауырына, кейінгі ұрпаққа зияны тимесін деп жасыруы.
Ендігі біздің, кейінгі ұрпақтың міндеті, «Бабалар салған сара жол, атадан қалған дара жол», өткенді ұмытпай, болашаққа зор үмітпен қараған халқыма ауызбіршілік, өз-ара сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, барлық адамгершілік қасиеттердітілеп, бізден кейінгі өскелең ұрпаққа өнеге болсын,- деп «Қараөзек мұнарасы» мен Мұратбай атамыз бен Бәтима анамыздың бейіті басына белгі орнату.

Абаш Рыстығұлов


27 шілде 2024 ж. 193 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031