Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Географтар оқушылардың сауаттылығын арттыру жайын талқылады

Географтар оқушылардың сауаттылығын арттыру жайын талқылады

Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Матаев атындағы №170 мектепте  «География сабағында  тиімді әдіс-тәсілдерді  қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.
Жиынға аудан мектептерінен 23 география пәні педагогы қатысты. Онда №17 мектептің география пәні мұғалімі Бекжанова Жақсыгүл «PISA зерттеулеріндегі жаратылыстану- ғылыми сауаттылық құзыреттіліктері» атты шебер сыныбында география пәнін оқытуда заманауи платформалардың рөлін ұлттық педагогикамен ұштастыра отырып, топтық тапсырмаларды орындатты.
№170 мектептің география пәні мұғалімі Жакей Фарида Мәлікқызы  «География сабағында функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындатудың тиімділігі» тақырыбында жұмыс көрсету барысында функционалық сауаттылық тапсырмаларын күнделікті сабақ барсында қолдану тиімділігін көрсетсе, №266 мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі Лекер Бақыткүл  «PISA» тапсырмаларын деңгей бойынша орындатудың тиімді жақтарын баяндады. Семинарға қатысушы мұғалімдер «PISA» тапсырмаларының құрлымын түсініп, бірлесе жұмыстар орындады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
16 ақпан 2024 ж. 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930