Сала басшылары басқосты
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет бүгін әлеуметтік сала басшыларын қабылдап, тиісті кезеңде атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдады.
Қабылдауда аудандық мәдениет және спорт бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылары мен «Мансап» және «Отбасын қолдау орталығы» директорлары бөліммен орталықтар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен алдағы жоспарлар жайында аудан басшысына баяндады.
Мейрамбек Зинабдинұлы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаевқа «Мансап» орталығымен бірлесіп аудан бойынша мемлекеттік бағдарламалардағы көрсеткіштерді орындап, облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындауды қамтамасыз етуді, бос вакансиялар тізімін жасақтап, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» тұрақты түрде ұйымдастыруды, азаматтарды жұмыспен қамтуда арнайы құрылған комиссиялар арқылы, тиісті талаптар мен заңдылықтарға сәйкес жүргізуді тапсырды.
Ал, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаевқа аудандағы барлық мәдениет ошақтарында «Адал адам» жобасын жүзге асырып, үйірмелер жұмысын жандандыруды, алда жоспарланған іс-шараларды өз деңгейінде ұйымдастыру керектігін айтты.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы