Ақсуаттағы келелі басқосу
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың кезекті халықпен кездесуі Ақсуат ауылында жалғасты. Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев және бірқатар дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Ауылдық клубта өткен кездесуде аудан басшысы ең әуелі ауыл жұртын Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қазалы ауданының 95 жылдығымен құттықтады.
Мұнан соң жыл басынан бері ауданда атқарылған ауқымды жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Оған қоса бұған дейін Ақсуаттағы ағайын көтерген мәселелердің ретімен шешім тауып келе жатқанын айтты.
Кезек ұсыныс-пікірлерге берілгенде ауыл тұрғындары күре жолдың бойындағы төрт түліктің жайын баяндады. Сондай-ақ, жарық, жол, су ұңғымасын қазу мәселесін де жасырмады.
Ауыл халқының талап-тілектерін тыңдап тиісінше жауап берген аудан әкімі барлығына сабырлық қажет екенін, елде ауыз біршілік болса бәрі ретімен шешім табатынын тілге тиек етті.

️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі