Олимпиада жолдамасы үшін боксшы қыздар Италияға аттанды
Фото: kfb.kz
29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж олимпиадасының лицензиялық турнирі өтеді. Алғашқы әлемдік іріктеу додасына еліміздің қыздар құрамасы аттанды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Қыздар құрамасының бас бапкері Шәміл Сафиуллин, Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзоваға (75 келі) сенім артпақ.
Әлемдік іріктеу турнирі басталғанға дейін бұрымды боксшылар Италияның Ассизи оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Әзірге қыздардың еншісінде Париж Олимпиадасының бір жолдамасы ғана бар. Былтыр күзде Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Карина Ибрагимова (57 келі) лицензия иеленген болатын.