Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны. Ірі компаниялар тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді

Су тасқыны. Ірі компаниялар тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді

Ірі компаниялар БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «Astana Group» негізін қалаушысы және төрағасы Нұрлан Смағұлов, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов, «Jusan Bank» директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Ғалымжан Есенов, «ҚазАзот» директорлар кеңесінің мүшесі Рүстем Аязбаев, «Qazaq Stroy» құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев және «Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов Батыс Қазақстан облысында болды.

Олар Орал қаласының су басқан саяжай массивтерін аралап, су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлер салынып жатқан Теректі ауданының Подстепное ауылына барды, сондай-ақ эвакуациялық пункттегі жергілікті тұрғындармен кездесті.

Өңірдегі су тасқыны жағдайы айтарлықтай тұрақтанды. 8,5 мыңнан астам адам үйіне оралды. Комиссия үйлерді тексеруді және залалды бағалауды жалғастыруда. Алдын ала мәліметтер бойынша, 466 ЖТҚ және жалғыз тұрғын үй болып табылатын 2,5 мыңнан астам саяжай үйлері жөндеуге жатпайды.

Қанат Бозымбаев үйлер мен саяжайларды бағалау мен техникалық тексеруді айдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Сырым, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында 357 үйдің құрылысы басталды. Әкімдік мердігерлік ұйымдарды анықтады. Үйлер тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сырым ауданында жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 114 үйдің құрылысын «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырады. 75 үйді жергілікті жер қойнауын пайдаланушы компаниялар салады: «Жайықмұнай», «Конденсат» және «АқсайГазСервис». Тағы 71 тұрғын үйді «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы «Ақжайық» қоры арқылы салады.

Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарының мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қала әкімдігіне жаз біткенше саяжай тұрғындарына арнап тұрғын үй салу немесе сатып алу тапсырылды. Айта кетейік, бұрынғы жерде үйлер салынбайды. Ойпатты жерлерде ЖТҚ салуға тыйым салынады, — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Қанат Бозымбаев жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Өңірге көрсетілетін көмекті ескере отырып, зардап шеккен әрбір отбасын қолдау шараларымен дереу және артық әуре-сарсаңсыз қамтып, барлық тиісті төлемдерді жүзеге асырып, тұрғын үй құрылысын бастауға кірісу қажет, — деп тапсырды Қанат Бозымбаев облыс әкімдігінде өткен кеңес барысында.

Сондай-ақ кеңесте мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету мәселесі қаралды.
21 мамыр 2024 ж. 283 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031