Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны: дәлел мен дәйек

Су тасқыны: дәлел мен дәйек

Фото: ашық дереккөзден
Су тасқыны әлі де өзекті мәселенің бірі болып тұр. Қауіп төнген аймақтар әлі де бар. Қуантарлығы, бірнеше отбасына көмек беріліп, қираған үйінің орнына баспана алуда. Ал мамандар мен тұрғындар келесі аймақты судан торып әлек. Қай жаққа қауіп төнді? Күндерек сөйлесін.
Атырау облысының Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініш қабылдады. Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, Құлсары мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы алты отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады. Қаланың көптеген тұрғыны мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр. Сондықтан да олар қысқа мерзім ішінде өтініш беруге ниетті. Келтірілген материалдық залал үшін өтемақы төлеу мақсатында құжаттарды дайындау 10 күнге созылады. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізу жалғасуда.
Қазіргі уақытта барлығы 2940 өтініш қабылданып, 2727 өтініш қарауға жіберілген. 2624 үйге бағалау жүргізіліп, 2671 үйге техникалық тексеру жүргізілді. 756 апатты үй деп танылыпты.
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде болған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде 24 641 отбасы 9,3 миллиард теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 миллиард теңгеден асты.
17 мамырдағы жағдай бойынша, бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 596 отбасына 878 миллион теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді. Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда. Үкіметтің қатаң бақылауында. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Құлсары қаласының мобильдік топтары су тасқынынан зардап шеккен үйлердің залалын бағалау және техникалық сараптама қорытындыларын түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Алты мобильді топ, бағалау нәтижелерін таныстыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 100-ге жуық құлсарылықты қамтитын болады. Бағалау нәтижелерімен танысқаннан кейін, екі күн өткен соң Құлсары тұрғындары мемлекеттен көмек алу үшін Жылыой ауданының әкімдігіне жүгіне алады. Мобильді топтардың үй аралап, бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары тасқыннан зардап шеккен барлық үйлерді бағалау жұмыстары толық аяқталғанға дейін, күн сайын үзіліссіз, демалыссыз жалғасатын болады.
Сонымен қатар, Құлсары қаласындағы №20 мектеп базасында үйлері апатты деп танылған тұрғындармен меморандум жасау үшін өтініштерді қабылдау жалғасуда. Меморандум аясында тұрғындар зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы төлеуге байланысты өзіне ыңғайлы амалдарын таңдай алады.
Махамбет ауданының алқабы су астында қалды. Тасқын су бірнеше гектар жердегі көкөніс көшеттерін басып қалды. Сонымен қатар жеміс ағаштары суға кетті. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы Өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы Азат Қапанов хабарлады. Оның айтуынша, қазір Үкімет шаруаларға өтемақы есептеу формулаларын әзірлеуде.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді. Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс. Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.
Ал кеше Глубокое ауданында жайылымдағы үш құлын су айдынынан өтіп, аралға көтеріліп, басқа жағалауға жете алмаған. Жануарларды байқаған куәгерлер ШҚО құтқарушыларынан көмек сұрапты. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар қайықтың көмегімен құлындарды қауіпсіз жерге жеткізгенін мәлімдеді.
20 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдегі Махамбет ауылына қауіп төнді. Өңірлік ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, осы жағдайға байланысты Махамбет ауданының орталығы – Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жолды жабуға тура келген.
– Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр, – деп хабарлады облыстық жедел штаб.
Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні жоспарланып отыр.
А.ӘЛИ
21 мамыр 2024 ж. 143 0

Бұлқынған бойда бұла күш

17 қыркүйек 2024 ж. 9

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 8

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 11

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30