Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай Қазақстанда электромобильдер шығаруды жоспарлап отыр

Қытай Қазақстанда электромобильдер шығаруды жоспарлап отыр

Фото: Pixabay.com
Қытай Қазақстанға электромобильдер өндірісін құру туралы ұсыныс жасады. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі қытайлық компанияларды сирек кездесетін минералдар қорын бірлесіп игеруге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның озық технологияларды, инновацияларды дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу әлеуетін жетілдіруге мүдделі екенін жеткізді. Айтуынша сол себепті сапалы технологиялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.

“Атап айтқанда, қытай тарапының елде электромобильдер өндірісін құру туралы ұсынысын қазақ тарап толық қолдайды”, — деді Мұрат Нұртілеу.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И-мен Астанада өткен кездесу кезінде Мұрат Нұртілеу қазақстандық тараптың қытайлық компанияларды сирек кездесетін минералдар қорын бірлесіп игеруге шақыратынын атап өтті. Тағы бір перспективалы бағыт цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект болуы мүмкін екені де атап өтілді.

Мұрат Нұртілеудің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында инновациялар және ауыл шаруашылығы жөніндегі кіші комитеттерді құру туралы қол қойылған хаттама ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен терең өңдеуде өзара тиімді жобаларды іске асыруда екі ел бизнесіне көп көмегін тигізеді.
20 мамыр 2024 ж. 204 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930